Мудараба

Инвестициялық депозит

Zaman Bank

Мудараба – инвестициялық депозит болып табылады, бұнда Салымшы (Раббуль Маль), өзінің ақшасын банкке береді, ол Басқарушы ретінде әрекет етеді (Мудариб), және ақшалай қаражатты тәуекелділік деңгейі әртүрлі инвестициялық жобаларға инвестициялайды.


Пайда Банк және Салымшы арасында алдын-ала келісілген пропорцияға сәйкес бөлінеді.


Барлық Ислам депозитінің басқа түрлері сияқты, сыйақы тікелей немесе жанама түрде кепілдендірілмейді, өйткені инвестициялық қызметтің нәтижесі белгісіз және алынған пайда осы факт бойынша бөлінеді.


Барлық Ислам депозитінің басқа түрлері сияқты, сыйақы тікелей немесе жанама түрде кепілдендірілмейді, өйткені инвестициялық қызметтің нәтижесі белгісіз және алынған пайда осы факт бойынша бөлінеді.


Осылайша, бұл клиенттің белгілі бір мерзімге банкке олардың номиналды түрде қайтарылуын қамтамасыз етусіз, аударылған ақшаны пайдалану нәтижелеріне байланысты кірісті төлеу шартымен аударған ақшасы. Депозиттің бұл түрі, қандай да бір жинаған ақшасы бар және тәуекелдерді қабылдауға дайын адамдарға қызықты. Инвестициялық депозиттің ерекшелігі - салымның ең аз мөлшері мен мерзімі бойынша шегі бар.


Мысалы: Клиент Мудараба негізінде инвестициялық депозит ашып, 5.000.000 теңге мөлшеріндегі соманы салып, пайдасын бөлу келісімі: 70/30 ескере отырып, клиентке және Банкке сәйкесінше орналастырды. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк өзінің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қорытындылай келе, осы жоба бойынша жалпы пайда 2.400.000 теңгені құрады деген қорытындыға келді. Пайданы бөлу туралы шартты ескере отырып Клиент 1.680.000 теңге (2.400.000-70%) алады, ал Банк 720.000 теңге (2.400.000-30%) алады.


Осыған байланысты, осы инвестициялық жобаға сәйкес, минималды комиссияны, әкімшілік және басқа да шығындарды алып тастағанда, Клиент барлығы 6.680.000 теңге алады. Банк инвестициялық жобадан 720.000 теңге, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссия алады.

 

Өнімнің атауы

Мудараба Стандарт

Салым валютасы

KZT (тенге), USD (доллары США), EUR (евро)

Салымның минималды сомасы

1 000 000 KZT / 3 000 USD / 3 000 EUR

Салымның максималды сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі

1/3/6/12/24/36 ай

Пайда нормасы

Салымның мерзімі және валютасына байланысты

Пайданы төлеудің кезеңділігі

Мерзім соңында

Қосымша салым

Рұқсат етіледі

Ішінара алу

Рұқсат етіледі

Ерекше талаптар

мерзімінен бұрын толықтай алынған жағдайда салым бойынша пайда төленбейді

Ескерту 1: Депозит талаптары жеке тәртіпте уәкілетті орган шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Ескерту 2: депозит бойынша пайда нормасы исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін қаржыландырылатын жобаларға депозиттік қаражатты одан әрі инвестициялау нәтижесінде Банк алған пайданың салымшыға төлеуге жататын үлесін білдіреді. Пайда нормасы салымның мерзімі мен валютасына байланысты.


Салым мерзімі

Пайданы бөлу коэффициенті (Клиент/Банк)

теңгеде

USD/EUR – да

1 ай

20/80

5/95

3 ай

30/70

10/90

6 ай

45/55

15/85

12 ай

50/50

20/80

24 ай

55/45

25/75

36 ай

60/40

30/70