Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Версия для слабовидящих
Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
15.01.2026

Zaman Bank IFN Best Banks Poll 2025 нұсқасы бойынша ТМД елдері арасындағы ең үздік исламдық банкі атанды

Zaman Bank Islamic Finance News (IFN) басылымы ұйымдастырған халықаралық IFN Best Banks Poll 2025 сыйлығының қорытындысы бойынша Best Islamic Bank in the CIS номинациясында жеңімпаз атанды.

Премия 13 жаһандық санатты және 37 елдік нарықты қамтып, орнықты көшбасшылармен қатар, дамушы нарықтарда исламдық қаржының болашағын қалыптастырып жатқан жаңа буын банктерді де атап өтеді. IFN тарапынан берілген бұл мойындау кәсіби қауымдастықтың дауыс беруіне негізделген және Zaman Bank ұстанымына деген жоғары сенімді көрсетеді: адал әрі ашық қаржылық шешімдер, Шариғат қағидаттарына қатаң сәйкестік және адамдар мен бизнестің нақты қажеттіліктеріне бағытталған тәсіл.

Zaman Bank үшін бұл марапат — таңдалған жолдың дұрыстығын растайтын белгі: қаржыны қарапайым, түсінікті және этикалық ететін, ал банкті сенім артылатын серіктес ретінде көрсететін ашық цифрлық экожүйе құру.

ТМД кеңістігінде сондай-ақ «Ең үздік исламдық инвестициялық банк» және «Ең үздік исламдық корпоративтік банк» номинацияларында ADCB (Қазақстан), «Ең үздік исламдық бөлшек банк» ретінде Alif Bank (Тәжікстан), «Ең үздік жаңа исламдық банк» атағын OpenBank (Өзбекстан) алды, ал Asia Alliance Bank (Өзбекстан) ең инновациялық исламдық банк ретінде танылды.

Анықтама:

IFN Best Banks Poll — исламдық қаржы саласындағы банкирлер, инвесторлар, кеңесшілер және шариғат кеңестерінің өкілдері қатысатын жыл сайынғы халықаралық сыйлық.

Нәтижелер қызметтің Шариғат қағидаттарына сәйкестігі, бизнес-модельдің орнықтылығы мен сапасы, цифрландыру мен инновациялар деңгейі, сондай-ақ банктің исламдық қаржыны жергілікті және өңірлік деңгейде дамытуға қосқан үлесі сияқты факторларды бағалау негізінде қалыптастырылады. IFN сыйлығы нарық үшін маңызды бағдар ретінде кеңінен қолданылады және тек қаржылық көрсеткіштерді ғана емес, банк пен клиент арасындағы сенім сапасын да көрсетеді.