Zaman Bank исламдық қаржы туралы ағартушылық подкаст — Zaman Talks жобасын жалғастыруда.
Бұл шығарылымда біз 2026 жылғы негізгі өзгерістерді талқылау үшін саладағы жетекші сарапшылар мен тәжірибелі мамандарды жинадық. Заңнамалық өзгерістер нарықтағы мәселелерді қалай шешеді (немесе неге шешпеуі мүмкін), халал қаржы өнімдеріне деген нақты сұраныс қандай және не себепті қоғамда қаржы саласындағы «ислам» ұғымына қатысты әлі күнге дейін үрей мен күмән бар екені жөнінде сөз қозғаймыз.
Сарапшылар:
Мұрат Қылышбай — кәсіпкер, исламдық қаржы магистрі
Әділбек Рысқұлов — исламдық қаржы сарапшысы, Zaman Bank Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшесі
Мадина Тұкұлова — Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығының төрайымы, АХҚО-дағы исламдық қаржы бағытының жетекшісі
Диар Смағұлов — Zaman Bank басқарма төрағасының орынбасары
Zaman Talks — исламдық қаржы әлеміндегі сенімді жолсерік!